1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда 24 жастағы жігіт тоғыз мың теңге үшін дүкен сатушысына 48 рет пышақ салған

© Kp.ru © Kp.ru

Алматыда 24 жастағы жігіт азық-түлік дүкенінің 51 жастағы сатушысына 48 рет пышақ салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Бөкейханов көшесінде сағат 14.00 шамасында болды.

Жас жігіт кассадағы 9 мың теңгені алмақшы болады. "Қазір әйел қаладағы ауруханалардың бірінде ауыр жағдайда жатыр. Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер бірнеше сағат ішінде осы іске қатысы бар деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Жетісу аудандық ІІБ басшысы Дәулет Сәмбетов.

ІІД өкілдерінің мәліметінше, ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексі "Тонау" бабы бойынша іс қозғалды.