11 маусым 2024 16:25

Алматыда әкімдік, Президент резиденциясы және полиция ғимаратына шабуыл жасағандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 11 сотталушыға, жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдарға қатысқандарына, күзетілетін нысандар және оларды басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық қолдануға (272-бап,269-1-бап 3-бап 380-бап) қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 11 сотталушыға, жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдарға қатысқандарына, күзетілетін нысандар және оларды басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық қолдануға (272-бап,269-1-бап 3-бап 380-бап) қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың Telegram-арнасына сілтеме жасап.

2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қорғалатын нысандарға – Алматы әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция басылымына заңсыз кірген. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді.

"Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті. Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын келтірген. Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады", - делінген хабарламада.

Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерген: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), - тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети