Алматыда анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды

21 Қазан 2015, 10:32
0
Алматыда анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды - © islam.ru
© islam.ru

Алматыда анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігімен айыпталған Зайцевке  қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сот үкіміне сәйкес, ол өзінің анасымен тұрмыстық жанжал барысында пышақпен қаруланып, анасының ішіне және кеуде тұсына екі рет пышақ салған. Әйел дене жарақаттарынан қайтыс болды, ал ер адам оқиға болған жерден 70 мың теңге қаражаты бар анасының төлем картасын ұрлап, жасырынды", - деді соттағылар.

Айта кетейік, сот үкімімен ер адамға 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Павлодар облысында болды. Павлодар облысының тұрғыны өз анасын қылғындырып өлтірді. Бұл оқиғаға қатысты Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала сот отырысы өтті. Ал басты сот отырысы 23 қазанға тағайындалған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай