20 қазан 2015 11:33

Павлодар облысының тұрғыны анасын қылғындырып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© b-port.com © b-port.com

Павлодар облысының тұрғыны өз анасын қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысының тұрғыны өз анасын қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға биыл тамыз айында болған. Ақтоғай ауданының Приреченск ауылының тұрғыны өзінің азаматтық некедегі жұбайымен және ауылдың бірнеше тұрғынымен ішімдік ішіп, отырыстың арты жанжалға ұласқан. Ер адам азаматтық некедегі әйелімен сөзге келіп, бұл дауға оның анасы араласыпты.

"Ер адамның анасы әйелді жақтап, ұлына наразылығын білдірді. Анасының сөздеріне төзбеген ол бетінен ұрып, еденге құлатты. Мұны көрген оның азаматтық некедегі әйелі құрбысының үйіне жол тартқан, ал анасы наразылығын жалғастыра беріпті. Ер адам анасының сөздерін қорлау деп есептеп, оны қалғындыра бастаған, соның салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", - деді соттағылар.

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала сот отырысы өтті. Ал басты сот отырысы 23 қазанға тағайындалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети