15 наурыз 2021 15:48

Алматыда арнайы операция кезінде есірткі сатушылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Есірткі бизнесімен күресушілер Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде арнайы операция өткізді. Полицейлер синтетикалық есірткі таратушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Есірткі бизнесімен күресушілер Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде арнайы операция өткізді. Полицейлер синтетикалық есірткі таратушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бойы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктілерді бақылады. Жедел уәкілдер мәліметі бойынша, жастар есірткіні қаланың ойын-сауық мекемелерінде таратқаны белгілі болды.

"1998 және 2002 жылы туған екі күдікті қала мекемелерінде синтетикалық есірткі таратқан. Олар клиенттерден онлайн аударымдар арқылы төлем алып отырған. Құқық қорғау органы қызметкерлері заңбұзушылықты анықтау үшін есіртік сатып алған. Осыдан кейін күдіктілерден 0,55 грамм мефедрон және 0,40 грамм PVP тәркіленді. Операцияға арнайы жасақ жауынгерлері қатысты", - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Арнайы операция кезінде клубта 160-қа жуық адам болды. Олар Бостандық ауданы ПБ-ға жеткізіліп, карантин режимін бұзу дерегі бойынша мониторингтік топқа тапсырылды.

Полиция мәліметіне сүйенсек, осы клубтағы арнайы операция барысында сатушы мен келушілердің бірінен мефедрон салынған қапшықтар тәркіленген.

"Ұсталғандардың уақытша тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында синтетикалық есірткі және қылмыстық кәсіпке тікелей қатысы бар құрал-жабдықтар табылды", - деді ДП бастығының орынбасары.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-ның 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, 13 наурызда Павлодар облысында ірі мөлшерде есірткі сатқан адам ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети