Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда атыс ұйымдастырған адам 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

17 Наурыз 2015, 12:08
1
©РИА Новости
©РИА Новости

Алматыда көлік тұрағына ақша төлегісі келмей, атыс ұйымдастырған ер адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Атыс 14 наурызда күннің бірінші жартысында Алматыда Абылай хан даңғылындағы Zara дүкенінің маңында болды.

Полицияның мәліметінше, атысты Қаскелеңнің 1987 жылы туған тұрғыны - Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі ұйымдастырды. "Ол өзінің атына тіркелген травматикалық тапаншасынан көлік тұрағында жұмыс істейтін 1995 жылғы азаматқа бірнеше рет оқ атқан. Тергеу материалдарына сәйкес, жанжал көлік тұрағына ақша төлеуге байланысты туындаған. Ер адам бірнеше рет оқ атып, көлік тұрағы қызметкерінің аяғына тигізген. Зардап шегуші ауруханаға жекізілді", - дейді Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Оның мәліметінше, атысты ұйымдастырған адам оқиға орнында ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған қатысты "Қару қолдана отырып бұзақылық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бұған дейін көлік тұрағы қызметкерінің әріптестерінің айтуынша, ер адамның Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісіне барып, қызметінің ақысын сұрағаны хабарланған болатын. Алайда жүргізуші тапанша алып шығып, оқ жаудыра бастаған. Куәгерлер атылған төрт оқтың екеуі көлік тұрағының қызметкеріне тигенін айтты. Сонымен қатар, олар атысты ұйымдастырған жүргізушіні ұстау үшін жедел әрекет ету сарбаздарының көмегі қажет болғанын айтты. Оқиға орнынан төрт гильза табылды. 

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай