Алматыда балабақша қызметкерлеріне 2 жасар қызды зорлады деген күдік келді

18 Мамыр 2015, 17:51
0
Алматыда балабақша қызметкерлеріне 2 жасар қызды зорлады деген күдік келді - © Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко

Алматыда кішкентай бүлдіршіннің анасы №125 балабақша қызметкерлерін өзінің қызын зорлады деп айыптап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне білім беру мекемесінің басшысы Зәбира Керімова айтып берді.

Оның айтуынша, қыз бөбектерге арналған топқа барып жүрген. 6 мамыр күні анасы қызын балабақшадан алып кетеді. Келесі күні ол жедел-жәрдем шақырады. Дәрігерлер қызда зорлану белгілерінің барын айтады. Әйел полицияға арыз жазып, сот-медициналық сараптамасын жүргізуді сұрайды.

"7 мамыр күні маған полициядан хабарласып, зорлау бойынша шағым келіп түскенін айтты. Кішкентай қыз қасына келген ер адам туралы шағым айтса керек. (...) Біз полицейлерге барлық бөлмеде орналасқан видеокамераның жазбаларын тапсырдық. Әзірше тергеу амалдары жүргізіліп жатқан жоқ. Балабақшада мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Ол күні барлығымыз жұмыста болдық. Бізде 4 ер адам жұмыс істейді. Олардың екеуі қарауыл, біреуі бағбан, тағы біреуі музыкант. Анасы қызды әкеліп көрсеткен кезде бүлдіршін қызметкерлердің ешқайсысын таныған жоқ ", - деді Керімова.

Алматы қаласы ІІД балабақшада зорлау туралы шағымның түскенін растады. "Қыздың анасының арызы қабылданды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтірілгені хабарланған болатын. Қыздың туыстарының айтуынша, үйдің ауласында серуендеп жүрген қыз кешке үйге оралмаған. Полицейлер қыздың өлгенін растады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы ауылдың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт төрт рет үйленген. Оның әйелі мен үш қызы бар. Кейін 8 жастағы қызды зорлады делінген күдіктінің ұсталып жатқан сәті түсірілген видео жарияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай