30 маусым 2021 10:32

Алматыда балаларын сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ашық дереккөздерден Ашық дереккөздерден

Алматылық полицейлер Қазақстанда екі баласын сатып үлгерген өзбекстандық ерлі-зайыптыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Astana" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматылық полицейлер Қазақстанда екі баласын сатып үлгерген өзбекстандық ерлі-зайыптыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Astana" телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, былтыр қарашада ерлі-зайыпты жаңа туған ұлын Жамбыл облысының тұрғынына сатқан. Үш айдан кейін бала денсаулығына байланысты қайтыс болған.

Тергеу барысында дәл осы жұптың 2019 жылы тұңғышын сатқаны белгілі болды. Баланы сатып алған отбасы анықталған.

"Алматы полиция департаменті дерек ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін айтты. Ерлі-зайыпты 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді департамент өкілі.

Айта кетейік, 2019 жылы Тараздағы перзентханадан сәбиді ұрлау оқиғасы туралы хабарланған болатын. Баланы ұрлаған әйел оны Алматыдан келген ерлі-зайыптыға сатпақ болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети