Алматыда баланы қағып, өлім аузында тастап кеткен: Оқиғаның видеосы

17 Шілде 2018, 09:10
0
Алматыда баланы қағып, өлім аузында тастап кеткен: Оқиғаның видеосы - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Полицейлер Алматыда Шығыс айналма жолда төрт жасар баланы қағып кеткен көлікті іздестіріп жатыр. Бұл туралы Алматы ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео пайда болды. Видеода бала ағаштың түбінде жатыр. 

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автомобиль жолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен". Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.  

Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Жансақтау бөлімінде жатыр. Ол жағдайы аса ауыр халде. Оған жедел ота жасалған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай