26 қаңтар 2019 11:51

Алматыда бір жылда көлік айнасын ұрлаған 85 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алматы полицейлері бір жыл ішінде авто ұрлығымен айналысқан 40 қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полицейлері бір жыл ішінде авто ұрлығымен айналысқан 40 қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, топ құрамында 85 адам болған. Күдіктілердің барлығы "ізін суытпай" және жедел іс-шаралар нәтижесінде ұсталды. Полицейлердің айтуынша, ұрылар қараусыз қалдырылған көліктер мен қарапайым қорғаныс құралдары жоқ автомобильдерді тонаумен айналысқан.

"Мысалы, осындай ітердің бірі Әуезов ауданындағы Жетісу ықшамауданында болды. Түнгі уақытта азамат К. Toyota Camry маркалы автокөлігінің әйнегін сындырып, бейне тіркеу құрылғысын ұрлап кеткен. Алайда ұрлаған затымен алысқа ұзай алмады. Ер адамды "Боран-087" жол-патрульдік полициясының қызметкерлері ұстаған", - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр. 

Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, былтыр қарақшылық шабуылмен айналысқан 49 топ, тонау - 124 топ, пәтер ұрлығы - 27 топ, қоғамдық орындарда жеке мүлікті ұрлау - 55 топ, автокөліктерді ұрлап, жүргізіп кету - 16 топ ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети