12 ақпан 2020 18:38

Алматыда бірнеше адамды қасақана қағып кеткендер 15 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық прокурор Алматының Гагарин көшесінде бірнеше адамды аяусыздықпен қағып кеткен деген күдікті Әлікеевтерді 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық прокурор Алматының Гагарин көшесінде бірнеше адамды аяусыздықпен қағып кеткен деген күдікті Әлікеевтерді 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл іс бойынша тыңдау Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Ағайынды Жандос пен Дінмұхамед Әлікеевтер "Бұзақылық" және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша сот алдына келген.

"Сот Әликеев Жандосты 293-бабының 2-бөлігінде "Бұзақылық " көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тануды және оған екі жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраймын. "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды сұраймын", - деді прокурор сотқа.

Ол Дінмұхамед Әлікеевті де 15 жылға соттауды сұрады. 


Жандос Әлікеев (сол жақта қара киім киген) сотта жауап беріп жатыр.

Оқиға былтыр 26 тамызда таңғы 5-те Гагарин даңғылында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған роликтен ақ түсті Toyota Camry көлігінің ер адамдардың бірін қағып кете жаздағаны көрінеді. Кейін қара түсті Toyota Avensis үш ер адамды қасақана қағады. Зардап шеккендер: Сергей Хан, Еркен Сәрсенбаев және Станислав Алиев. Олар түрлі жарақат алған.

Полиция мәліметінше, олардың ерегесіне екі топтың арасында шыққан жанжал себеп болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети