15 тамыз 2018 10:35

Алматыда дәрігердің баласын өлтірді деген күдіктінің туыстары жанжалдың себебін айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grifoninfo.ru © grifoninfo.ru

Алматыда дәрігердің баласы Жанұр Байқонысты өлтірді деген күдіктінің туыстары арты өлімге әкелген жанжалдың себебін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда дәрігердің баласы Жанұр Байқонысты өлтірді деген күдіктінің туыстары арты өлімге әкелген жанжалдың себебін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

15 жастағы күдіктінің туыстарының айтуынша, "Спутник" ойын-сауық орталығының маңындағы жанжал жиналмаған ыдыс үшін Жанұр Байқоныспен салғыласып қалғаннан кейін басталған. 

"Шамамен 10 күн бұрын балам аквапарктен кейін үш досымен бір досының үйінде түскі ас ішкен. Кейінірек үйге Жанұр келіп, балаларды өз артынан ыдысты жумай кеткені үшін "жазалағысы" келген. Бірақ олар біздің үйде де, басқа үйде де ас ішеді ғой, балалар емес пе", - дейді күдіктінің отбасындағылар.

Олардың айтуынша, нәтижесінде шу шығып, балалар бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

"Жанұр кездесу күнін белгілеген. Біздің баламыз онымен бетпе-бет кездесуге барды. Ұлым 9-сынып бітірген, ал Жанұр 11-сыныпты бітірді. Жанұр бірінші болып, біздің баланы құлатқан. Кейін балам бізге "Мен қалай екенін білмеймін, аударылдым" деп айты. Жүрегім қазір екіге айырылатындай. 15 жастағы баланы қамап қойды, барлық өмірі құрыды. Әлдеқайдағы тамақ, ыдыс үшін... Балалар сондай ашушаң", - дейді күдіктінің туыстары.

Күдіктінің отбасында үш бала бар екен: тұңғыш ұлы мен екі қызы.

Күдікті оқыған № 13 мектептегілер бала жайлы жағымды пікір айтқан. Сабағын жақсы оқыған, мектептен жиі қалмапты, 9-сыныптан кейінгі емтихандарын 4 пен 5-ке тапсырыпты.

Мұның алдында Алматыда "Ақсай" университеті клиникасы бас дәрігерінің орынбасарының ұлын біреулер өлтіріп кетті деп хабарланған болатын. Кейінірек Алматы полицейлері күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады

Марқұмның мұғалімдерінің айтуынша, Жанұр Байқоныс Алматыдағы № 173 лицейде оқыған баламен төбелескен. Ол сабырлы, салмақты болғанын және қытайлық ЖОО-ға түсуді жоспарлағанын, бірнеше тіл білетінін айтып отыр. Жанұр Байқоныс ҰБТ тапсырудан бас тартып, Қытайға кеткісі келіпті. Педагогтар қақтығыс себебі белгісіз екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети