11 маусым 2020 14:51

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап, бала күтушісін ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кеткен. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бұл туралы отбасындағы зорлықпен күресетін SVET қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кеткен. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бұл туралы отбасындағы зорлықпен күресетін SVET қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

SVET қорының мәліметінше, бұл оқиға 28 мамырда Бостандық ауданында болған. Әйел бұрынғы күйеуінен қашып жүрген екен. Алайда ол күндердің бір күнінде олардың баласының күтушісін аңдып келген. Үйге кіріп, бала күтуші әйелді ұрып-соғып, бұрынғы әйеліне шабуылдаған.

"Оны жатын бөлмеге қамап, қорқытып, ұрып-соғып, үш рет пышақ салып, бірнеше дене жарақатын жасаған. Абырой болғанда, аман қалды. Кейін бала күтуші мен көршілері полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Полиция ер адамды ұстаған. Бірақ таңғы уақытта ол бостандыққа шығып кеткен", - дейді дереккөз.

"Жігіті ұрып-соғып, ақшасын тартып алған". Алматылық қыз сұмдық суреттер жариялады

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қазір қызға қысым көрсетіліп жатыр. Оны арызды қайтарып алуға мәжбүрлеп жатыр екен. SVET өкілдерінің сөзіне сенсек, олар үш жыл бұрын ажырасқан және ажырасуларына осындай зомбылық пен психологиялық қысым себеп болған.

Алматы полициясы департаменті бұл оқиғаның Бостандық ауданында болғанын растады.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қажет сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полицейлер.

Жағы мен қабырғасы сынған: шымкенттік әйел оңбай соққыға жығылған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети