08 қыркүйек 2021 16:52

Алматыда ер адам қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қыздың интим сипаттағы суреттері мен видеосын әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытып 12 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz -ке сілтеме жасап.


Алматыда қыздың интим сипаттағы суреттері мен видеосын әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытып 12 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

Криминалдық полиция ақпараты бойынша, ақша табудың бұл әдісін Шаңырақ ықшамауданының Д. есімді 40 жастағы тұрғыны жасаған. Бұрын ер адамның бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Полицияға 23 жастағы әйел анасының танысы әлеуметтік желіге интим сипаттағы фотосуреттер мен видеоны жариялаймын деп қорқытып 12 миллион теңге сұрағанын айтқан.

"Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 194-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, осыған дейін сұраған ақшаның жартысын алғанын айтты. Тергеу жалғасады", - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети