04 ақпан 2022 14:29

Алматыда есірткі жылыжайын жасап алған 74 жастағы зейнеткер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үйлердің бірінен есірткі жылыжайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда үйлердің бірінен есірткі жылыжайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылыжайға қаладағы Медеу ауданының 74 жастағы тұрғыны иелік еткен.

"Тексеру барысында есірткіні жылыжайда өсіру дерегі анықталды. Қарасораға ұқсайтын өсімдік егілген құмыралар табылды. Сот-химиялық сараптамасы тағайындалды", - деді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Зейнеткер есірткіге осыдан он бес жыл бұрын әуестенгенін, сондықтан оны өзі өсіруге бел буғанын айтқан. Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети