19 шілде 2023 14:03

Алматыда фитнес-жаттықтырушысын пәтерінде өлтіріп кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/POLICE_of_KZ Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматыда фитнес-жаттықтырушыны өз пәтерінде өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда фитнес-жаттықтырушыны өз пәтерінде өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 19 шілдеге қараған түні Fitness Blitz фитнес жаттықтырушысы пәтерінде атып өлтірілгені туралы хабарлама пайда болды.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысы арасында жанжал болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети