29 мамыр 2023 15:47

Алматыда HBM Group қаржы пирамидасын құрды деген күдікті қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Hit beat music деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Hit beat music деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Hit beat music (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды. Сонымен қатар, Hit beat music (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ", - делінген хабарламда.

ҚМА мәліметінше, салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі.

"Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады. Қазіргі уақытта Hit beat music ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.

ҚМА мен прокуратура органдары азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз Hit beat music қызметіне тап болса, ҚМА call - орталығына хабарласуыңызды сұраймыз", - дейді ҚМА өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети