Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақтының қызметкері ұсталды

20 Шілде 2016, 11:51
0
КТК телеарнасы
КТК телеарнасы

Сотталған Наталья Слекишинаны зорлады деген күдікпен Алматыдағы абақтының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөздің мәліметінше, ДНҚ сараптамасы баланың әкесі колония қызметкері екенін растаған соң, ол 16 шілдеде ұсталып, Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің "Зорлау" мен өкілеттігін асыра қолданғаны үшін айыпталып отыр. Істің басқа фигуранттарына қатысты әзірше мәлімет жоқ.

"Тергеу жұмыстары аяқталған соң абақтының қызметкері жұмыстан босатылады. Себебі, ол жазасын өтеп жатқан әйелмен тыйым салынған байланысқа түсті. Егер тергеу қорытындылары бойынша оның қылмыс жасағаны дәлелденсе, ол басқа да жауапкершілікке тартылады", - делінген Tengrinews.kz тілшісі жіберген сауалнамаға берген жауабында.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар.

Кейінірек ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берген еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай