Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85

Алматыда қарызға алған көлігін қайта сататын алаяқ ұсталды

18 Наурыз 2014, 12:25
0
©СТВ
©СТВ
©СТВ
©СТВ
©СТВ
©СТВ
Алматыда автокөлікті құнын бөліп төлеймін деп сатып алып, кейін оны басқа біреуге қайта сататын алаяқ ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

1989 жылы туған жігітті полицейлер Бостандық ауданында қолға түсірді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында әрекет еткен. Сатуға қойылған автокөліктерді тауып, қожайынына оның құнын бөліп төлеуге ұсыныс айтатын болған. Алғашқы жарна ретінде мың долларды ұстатып, машинаны алып кетеді де, жалған құжаттар жасап, көлікті келесі біреуге сатып жіберуді дағдыға айналдырған.

Полицейлер көлік қожайындарын осылай сазға отырғызудың төрт эпизодын дәлелдеді. Бірақ алаяқ бір қылмысын ғана мойындап отыр. Қазір Алматыда алаяққа алданғандар іздестіріліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай