06 қараша 2018 08:22

Алматыда көше бойынан табылған сәби жетімдер үйіне тапсырылуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматыда балалар жұқпалы аурулары ауруханасының қызметкерлері осында әкелінген сәбидің анасын іздейді. 4 айлық қыз өткен айда көше бойынан арбасымен бірге табылған. Қазір ол дәрігерлердің қарауында. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған. 

"Дене қызуы болды. Жөтеліп түсті. Іш өту белгілері болды. Соған қарағанда далада ұзақ жатып қалды деген болжам бар. Барлық ем-шаралар жүргізілді. Осы уақытқа дейін іздеп келушілер болған жоқ", - дейді Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Саида Әбдіразақова.

Қатты тоңып, өкпесіне суық тиген сәби ауруханаға ауыр халде түсіпті. Оған ақ халаттылар дер кезінде ем-дом көрсетіп, ажалдан арашалап қалдық дейді.

Қазір қыздың денсаулығы қалыпты. 1 айдай уақыт өтсе де, оны іздеп келген ешкім жоқ. Сондықтан дәрігерлер сәбидің құжаттарын рәсімдеп, балалар үйіне жіберуге дайындалып жатыр. Ал оның жақындарын тәртіп сақшылары таппай жүр. Іздеу шаралары нәтижелі аяқталса, оның шешесі аналық құқығынан айырылады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети