29 қыркүйек 2020 11:00

Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлап, артынша сатып жүргендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлап, артынша сатып жүргендер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлап, артынша сатып жүргендер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бұрын мүліктік қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған 1986 жылғы ер адам ұсталды. Ол қала аумағында автокөлік айналарын ұрлап, оларды "Кар сити" сауда үйінде сатушыға сатқаны анықталды.

"Сатып алушы 1985 жылғы ер адам да жедел іс-шаралар барысында ұсталды. Ұрланған мүлікті сатып алушы одан әрі жұмыс орнында сатқаны белгілі болды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деді Алматы криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Екеуі де қамауға алынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети