Алматыда қыздардың төбелесі видеоға түсірілді

12 Желтоқсан 2014, 08:43
1
Алматыда қыздардың төбелесі видеоға түсірілді - ©vk.com
©vk.com

Таяуда қолданушылардың бірі "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне Алматыда екі қыздың төбелесі бейнеленген видеоны жүктеді. Видео авторының айтуынша, видеодағы оқиға 10 желтоқсанда 16.00-де болды. Төбелестің нақты қай жерде болғаны айтылмады.

Кадрлардан көпқабатты үйдің алдында бір қыздың екінші қызды ұрып жатқанын байқауға болады. Ұрып-соғу үстінде боқтық сөз айтылады. Таяқ жеген қыз босаған сәтте тағы да төбелесуге ұмтылады, бірақ оны қасында тұрған қыздар тоқтатады. Содан кейін аулада жиналғандардың бірі полицейлердің шақырылғанын айғайлап, олар бірден тарап кетеді.

Видеода боқтық сөз айтылатынын ескертеміз!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай