29 сәуір 2014 14:37

Алматыда сәби өлімі үшін медбике сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vеsti.kz ©Vеsti.kz

Алматыда Акушерлік және перинаталдық ғылыми орталығының медбикесі Кәмшат Асанова жаңа туылған нәрестенің өлімі үшін сотталып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда Акушерлік және перинаталдық ғылыми орталығының медбикесі Кәмшат Асанова жаңа туылған нәрестенің өлімі үшін сотталып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметтің хабарлауынша, бұл оқиға 2012 жылы болған. Қидасова деген келіншек орталықта жаңа туылған нәрестесімен емделген. Ол сәбиінің 24 сағат бойы дәреті жүрмей жатқанын айтып шағымданады. Бірақ баланың жалпы жағдайы жақсы болған. 

Неонатолог медбикеге 0,9% физиологиялық ерітіндісімен клизма жасауды тапсырады. Сот өкілдерінің айтуынша, медбике клизмалық тазалау ережесін бұзған. Ереже бойынша баланың іші ол емшек еміп болған соң 1 сағаттан кейін тазалануы тиіс. Медбике бұл талапты сақтамаған. "Баланың ішегі түйіліп, шашалып ішкен сүтін медбике Асанованың үстіне құсып жіберген, ол былғанған киімін ауыстырам деп анасымен баланы палатаға тастап ұзақ уақыт бойы келмеген. Нәресте тұншығып қалу салдарынан клиникалық өлім кешкен, салғырт қараған медбикенің кесірінен алты рет операция жасалып, ақыры кішкентай нәресте көз жұмды", - делінген қалалық соттың баспасөз парағында.

Қуандық Ешіметтің мәліметінше, медбикеге қатысты "Салақтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, іс бойынша алғашқы сот отырысы Медеу адандық сотында 28 сәуір күні қаралды. Судья - Тәкен Шәкіров.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети