Алматыда секс-притон ашқан оңтүстіккореялық азаматқа сот үкімі шықты

02 Маусым 2017, 11:48
0
Алматыда секс-притон ашқан оңтүстіккореялық азаматқа сот үкімі шықты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматының Алмалы аудандық сотында жалға алынған жеке үйде жезөкшелердің притонын ашқан Ким Хе Джин мен Сәуле Ермекбаеваға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалға алынған жеке үйде жезөкшелердің притонын ашқан адам Оңтүстік Кореяның 47 жастағы азаматы болып шықты. Ол ЖШС директоры екен. Полицейлердің айтуынша, ол үйді караоке-бар ретінде ашқан. Бұл мақсатта күдікті қаланың қақ ортасында зәулім үй жалдап, сенімді адамдарынан құралған көмекшілерін жұмысқа қабылдаған. Сәуле Ермекбаева корей азаматының тапсырмасымен OLX.KZ сайтындағы жарнама арқылы клиенттермен келіссөздер жүргізіп отырған. Бұл "барда" тек шетелдіктерге қызмет көрсетілген. Ақысы да шетел валютасында төленіпті.

Сот Ким Хе Джинді айыпты деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша үш жыл алты айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу үкімін шығарды. Ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару орнында өтейді.

Сонымен қатар, осы іс бойынша айыпталушы Ермекбаева Сәуле ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі 1, 2-тармақтарына сәйкес үш жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес шартты түрде сотталды, толық мерзімге пробациялық бақылауда болады.   

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай