13 қазан 2022 08:36

Алматыда сканер көмегімен көлік ашып жүрген ұры ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сканер көмегімен бөтеннің көлігін ашып, ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Алматыда сканер көмегімен бөтеннің көлігін ашып, ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Әуезов ауданы полиция қызметкерлерінің айтуынша, 44 жастағы А. көлік иесінің кетуін күтіп, пульттің сигналын сканерлеп, көлікті ашып, ұрлық жасап, кейін қылмыс орнынан бой тасалаған.

"Біз шабуыл жасаған адамның ізіне түсіп, оны ұстадық. Қазіргі уақытта ол бірнеше ұрлық жасағанын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғанның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети