28 сәуір 2015 14:34

Алматыда соққыға ұшыраған ардагер шабуылдаушыға сипаттама берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жұдырықтың астында қалған ардагер Николай Хохлов өзіне аяқ киім салынған қап үшін шабуылдаған азаматтың түр-тұлғасын сипаттап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Ұлы Отан соғысының қатысушысы түрлі деңгейде жарақат алды, эмоциялық шок қабылдады.


Алматыда жұдырықтың астында қалған ардагер Николай Хохлов өзіне аяқ киім салынған қап үшін шабуылдаған азаматтың түр-тұлғасын сипаттап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Ұлы Отан соғысының қатысушысы түрлі деңгейде жарақат алды, эмоциялық шок қабылдады.

89 жастағы ардагер шабуылдаған азаматқа сипаттама берді. Оның айтуынша, ол шамамен 25 жаста, көк жейде мен спорттық шалбар киген. Зейнеткердің қызы Ирина Зуеваның айтуынша, шабуылдан кейін оның әкесі есін баяу жинап жатыр, ол эмоциялық шок алған. Оның беті соққыдан көгеріп қалған. ҰОС ардагерінің қызының айтуынша, шабуылдаушыны табу мүмкіндігі көп емес. Сонымен қатар, ардагер құқыққорғаушылардың әрекеті ашу туғызған, қызының айтуынша, олар көшеде болған оқиғаға ардагердің өзін кінәлаған.  

Николай Хохлов майданға 1943 жылы аттанып, 1948 жылы демобилизацияланған. 1950 жылдан бері милиция органдарында қызмет атқарып келген, подполковник шеніне және әскери бөлім басшысы қызметіне дейін көтеріліп, 1967 жылы Новосибирсктен Қазақстанға көшіп келді.

Еске салайық, осыған дейін Желіде Алматыдағы ҰОС ардагері Николай Хохловтың соққыға жығылғаны бейнеленген видео пайда болған еді. Роликте зейнеткерге бір ер адамның жақындап келіп, қабын тартып алып жатқаны және ұрғаны бейнеленген. 89 жастағы ардагердің қызы Ирина Зуеваның айтуынша, оқиға 23 сәуірде күндіз болды. ҰОС ардагері ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оның жарақатын тігіп берді. "Оның басы жарақаттанды, қабырғасы зақымданды. Көзі ісінген. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр. Әкем болған оқиғадан әлі абдырап жатыр, ал құлаған сәті есінде жоқ", - деді Зуева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети