06 наурыз 2017 09:50

Алматыда трансгендерге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматылық трансгендер-қызға бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылық трансгендер-қызға бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

27 жастағы Виктория Беркходжаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. "Сот Беркходжаева Виктория Валижанованы ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша қарастырылған қылмысқа кәнілі деп табылып, жеті жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. Ол жазасын жалпыға бірдей режимдегі колонияда өтейді", - деп оқыды үкімді судья Қасым Қалмағамбетов. 

Сотталушы Каримжан Беркходжаев аса ірі көлемде ақша бопсалаған. Іс бойынша айыпталушы және жәбірленуші ретінде жынысын ауыстырған екі ер адамның ісі қаралған. Алайда құжаттарға сай, жәбірленуші - әйел адам. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы жынысын ауыстыру үшін тағы бір ота жасау тиіс болатын, сол себепті ол өз құрбысынан 33 мың доллар беруін талап еткен. Сотталушы құрбысына зәбір көрсеткен. Ондай көлемдегі ақшаны таба алмаған құрбысы құқық қорғау органдарына барып, арыз берген. Тамызда Виктория қамауға алынған. Алайда ол өз кінәсін мойындамайды. "Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Ол мені қызғанатын. Жанжал екеуіміздің ортақ сүйген бір жігітіміз үшін шықты", - деді Беркходжаева. Сот процесі жабық түрде өтті. 

Осыған дейін Алматыда сотталушы трансгендер полицейлердің өзін қинағанын айтты. Каримжан Беркходжаев қылмыстық іс бойынша тергеу барысында өзіне заңсыз әрекеттердің қолданғанын айтты. Сот сотталушының шағымын тексеруді бұйырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети