15 сәуір 2015 12:13

Алматыда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізушіге іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.headline.kz ©news.headline.kz

Алматыда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізушіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізушіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 сәуір күні сағат шамамен 20.00-де болған. Жүргізуші Бекмаханов көшесімен батысқа қарай жүріп бара жатып, Бұрындай көшесінің қиылысында Алматы қаласының 60 жастағы тұрғынын басып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше сағат өткеннен кейін жаяу жүргінші қайтыс болды. 

Қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Тәртіп сақшылары куәгерлердің айтуы бойынша жүргізушінің фотороботын жасады. Полицейлердің айтуынша, сурет қалалық полицияның барлық бөлімшелеріне, сонымен қатар көрші облыстардағы полиция бөлімшелеріне жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы полициясы болған оқиғаның мән-жайын білетін, қандай да бір ақпаратты бөлісе алатын және суреттегі ер адам туралы білетін азаматтардан мәлімет беруін сұрайды. Мына телефондарға хабарласуға болады: 254-47-80; 8-707-814-68-47; 8-707-837-78-13 и 8-701-707-36-96. Тәртіп сақшылары мәлімет берген адамның аты-жөнін құпия ұстауға кепіл беріп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети