Алматыдағы арнайы операция: Полиция брондалған көлікке сегіз рет оқ атқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Судья Жаннат Бекжанов қарашада Республика алаңында Toyota Land Cruiser көлігін қуған полицейлердің арнайы операция кезіндегі әрекетін толығымен айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Судья Жаннат Бекжанов қарашада Республика алаңында Toyota Land Cruiser көлігін қуған полицейлердің арнайы операция кезіндегі әрекетін толығымен айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"12 қарашада шамамен 21:30-да Сәтбаев пен Фурманов (қазіргі атауы Назарбаев даңғылы - авт. сөзі) көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser тоқтатылды. Полицей өз қызметтік құжатын көрсетті, кейін көлік салонынан қару таптық. Кейін жүргізуші мен жолаушыдан көліктен түсуін талап еттік, алайда олар қарсылық білдірді. Полицей құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күдіктілердің қаруланғанын хабарлады. Сосын полицей қаруды тастап, берілуді сұрады, олар тағы да қарсылық білдірді. Осыдан кейін құқық қорғау қызметкерлері әуеге оқ атты. Жүргізуші көлікті тоқтатпай ары қарай қозғалысты жалғастырып, полицейді қағып кетті. Полицей оқ ата бастады. Көліктің артқы терезесіне сегіз рет оқ атылды. Жол талғамайтын көлік тоқтамаған, себебі джип брондалған. Автомобиль Абай даңғылына қарай бағыт алды. Фурманов көшесінде күдіктілерді тоқтаттық", - деп оқыды судья арнайы операцияға қатысқан полицейлердің хаттамасын. 

Айта кетейік, 2017 жылы 13 қарашада Алматы полициясы брондалған көлікке оқ атылды деген мәліметті жоққа шығарған еді.   

Еске салайық, қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 12 қарашасында шамамен сағат 23.00-де Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында арнайы операция жүргізіп, Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылғы тұрғындарын ұстады. Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 288-бабының 3-бөлігімен, 346-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген Д.Т.Әлеухановқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 12.01.2018 жылы өндіріске қабылданып, басты сот талқылауы 2018 жылы 23 қаңтар сағат 15.00-де ашық сот отырысында жалпы тәртіппен тағайындалды.

"Қылмыстық қудалау органдарымен Д.Т.Әлеуханов жарылыс құрылғысын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап және алып жүрген, яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасады деп , сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Есірткілік масаң күйде болып, көлік құралын басқарған. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасады деп айыпталған", - делінген іс материалында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer