04 ақпан 2022 19:52

Алматыдағы дәмханада 18 адам уланып қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Алматы облысы полициясы дәмханаға барғаннан 18 азамат медициналық көмекке жүгінген іс бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы полициясы дәмханаға барғаннан 18 азамат медициналық көмекке жүгінген іс бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында Бесағаш ауылындағы кафеге барғаннан кейін зардап шеккендердің денсаулығына қатысты шағым түскені анықталды.

"Қазір ауруханаға медициналық көмек алу үшін 18 азамат жүгінді, олардың арасында балалар да бар. Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалған өнімдер тәркіленді. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалды шешім қабылданады", - деді полиция қызметкері.

Тергеу Қылмыстық Кодекстің 304-бабы "Санитария ережелері немесе гигиена нормаларын бұзу" бойынша жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети