Алматыдағы көпірдің қирауына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

28 Сәуір 2015, 08:38
0
Алматыдағы көпірдің қирауына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды -

Алматыдағы көпірдің қирауына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Еске салайық, Алматыда көпір 24 сәуірде қираған болатын.

Телеарнаның мәліметінше, қылмыстық істердің қандай баппен қозғалғаны әзірше белгісіз, бірақ олардың бірінің адам өіліміне әкеп соққан қауіпсіз ережесін сақтамау екені белгілі. 

Осыған дейін Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан 19 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр. ТЖД қызметкерлері астында жұмысшылар жатқан қирандыларды ашып жатыр. Бастапқыда қирандының астында екі адамның бары хабарланған еді. Кейін ТЖ департаментінің басшысының орынбасары 52 жұмысшының біреуінің ғана тағдыры белгісіз екенін хабарлады. Кейін көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізіліп, оның онының ем қабылдап жатқаны хабарланды. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр.

Кейін Алматыда қираған көпірдің бас құрылысшысы "Базис" құрылыс компаниясының қаза болған ер адамның отбасына материалдық көмек көрсететіні белгілі болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай