22 шілде 2016 09:35

Алматыдағы теракт кезінде 100 қарулы лаңкестің жұртты қырып жатқаны жайлы қауесет таратқан адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы теракт кезінде 100 қарулы лаңкестің жұртты қырып жатқаны жайлы қауесет таратқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, теракт кезінде "Сити Плюс" сауда үйін лаңкестер басып алды деп қауесет таратқан студент қыз да анықталыпты.


Алматыдағы теракт кезінде 100 қарулы лаңкестің жұртты қырып жатқаны жайлы қауесет таратқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, теракт кезінде "Сити Плюс" сауда үйін лаңкестер басып алды деп қауесет таратқан студент қыз да анықталыпты.

Криминалдық полицияның мәліметінше, жалған мәлімет таратқандардың біреуінің аты-жөнін анықтау мүмкін болды. Қоғамдық дүрлігу туғызғандардың қатарында ЖОО-лардың бірінің 1995 жылғы студенті бар екен. "Әлеуметтік желілерде ол "Сити Плюс" сауда үйінде біреулер адамдарды кепілге алғанын және адамдардың қаза болғанын айтып, хабар таратқан. Ал осы уақытта 1993 жылы туған тағы бір қолданушы коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, қаланың төменгі бөлігінде 100 қарулы адамның жұртқа оқ атып жатқаны және олардың қалаға қарай жаяу келе жатқаны жайлы хабар таратқан", - деді ІІД өкілдері.

Екі фигурант та ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінде ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") қарастырылған соталды тергеу аясында ұсталды. Таяу арада күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалатынын айтады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек. Айта кетейік, бұл бап бойынша кінә дәлелденсе, олар бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Полицейлердің айтуынша, жалған ақпарат таратқан басқа адамдарды да табу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр екен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп отыр.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Ал кеше Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети