27 ақпан 2020 09:43

Алматыдағы тұрғын үй кооперативі жүздеген адамды алдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда "Асар Отау" тұрғын үй кооперативі салымшыларын тақырға отырғызды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Алматыда "Асар Отау" тұрғын үй кооперативі салымшыларын тақырға отырғызды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, алаяқтардың арбауына түскендер сол күйі баспана кілтін алмаған. Соңғы екі жылдан бері ақшасын қайтара алмай әлек. 64 адамнан толассыз шағым түскен соң, бұл іске полиция араласты. Тергеу материалына сүйенсек, басты күдікті салымшылардың 200 миллион теңгесін қалтасына басып, уәдені орындамаған.

Кооператив төрайымы Айжан Сапирова салымшыларды сендіріп, алғашқы жарнаны жинаған. 1 миллион 600 теңгесін санап бергендердің бірі - Айнұр Дәуіт. Ол құны 8 миллион тұратын бір бөлмелі пәтерді алуға келісімшарт жасасқан. Банктен несие алып, үй ақысының 15 пайызын құяды.

"Үш айдың ішінде үйді ала аласыңдар" деді. Бірақ үш айдың ішінде үй алмадық. "Қазір біз инвестиция тартып жатырмыз, инвестиция міне, болады. Шартты түрде келісім-шарт бар, кішкене күте тұрыңыздар" деп айтты", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Дәуіт. 

"Асар отау" кооперативіне сенген көпшіліктің айтуынша, компания бірден сенімге кіріпті. Құжаты Әділет министрлігінде тіркелген. Заңды мөрі бар. Тиіс ақшаны есепшотқа қолма-қол емес, екінші деңгейлі банк арқылы аударған. Алматыдан өзге Қаскелең, Шымкент, Атырау, Ақтау, Нұр-Сұлтан қалаларында бөлімшелері жұмыс істеген.

"Қаскелең қаласынан 1-2 адам үй алды деп естідім. Сол алғандарды айтқаннан кейін "үй алды, бәрі жақсы бұл компания" дегеннен кейін сол жерге барып салдым. Бірақ мен 4миллионды толық салмадым, бөліп салдым. "Алдыға қарай кезегіңіз жылжиды, көбірек салсаңыз" дегеннен кейін тағы да 2 миллион қосып, жалпы 4 миллион салдым", - дейді Қаскелең қаласының тұрғыны Хадиша Жұманова. 

Толассыз шағымнан соң пайшылардың ісіне полиция араласқан. Тергеу мәліметінше, кооперативке 10 миллион теңгеге дейін салғандар бар. Ал  кооператив төрайымы Айжан Сапирова жақында босанып, тергеуге үйінен келіп жүр. Оның үстінен аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысты деген іс қозғалған.

"Азаматша бірден полицияға жеткізіліп түсініктеме берген. Яғни сұрақ-жауап алу кезінде өз кінәсін толығымен мойындады. Қазір жәбірленушілердің саны 64 болып отыр. Барлығы ресми түрде шағым түсірді. Қазір қылмыстық іс бойынша сот экономикалық сараптама тағайындалды", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Кооперативке тиесілі кеңсе қазір жабық тұр. Алданған жұрт кооператив төрайымынан өздеріне тиесілі қаржыны қайтаруын талап етеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети