Алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуі пышақтап өлтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Kp.ru ©Kp.ru

Алматы облысында алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуі пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуі пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты кісі өлтірді және құжаттарды тонап, бүлдірді деген айыппен сотқа жіберілген А.Рублевке қатысты қылмыстық істі қарады", - делінген хабарламада. Сот өкілдерінің хабарлауынша, ұрыс-керіс пен алауыздықтан өз отбасынан бөлек тұрып келген азамат әйелінің алты баланы балалар үйіне өткізгенін білгеннен кейін оны ұрып-соғып, пышақтаған. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан кейін ол қылмысын жасырмақ ниетте мәйіт пен оның жеке құжаттары мен қылмыс жасаған құралдарын түрлі жаққа апарып көмген. Бірақ өз айыбын мойындап, аудандық ішкі істер басқармасына барған.

"Судья сотталушыны ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі және 324-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп танып, осы көрсетілген баптар бойынша қатаң режимдегі түзету колониясына 11 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың сәуір айында Орал қаласында болған еді. Орман алқабындағы "ВАЗ-2101" автокөлігінің ішінен полицейлер мойны пышақпен кесіліп, мерт болған 25 жастағы қыздың мәйітін тапты. Қаза тапқан қыздың қасында 30 жастағы ер адам болған. Полицейлер бұл жігіттің де көкірек тұсы мен іші жараланғанын анықтады. Тәртіп сақшылары келгенде әйелі өлі күйінде, ал ер адам жаралы күйінде табылды. Ауыл тұрғындары тәртіп сақшыларына ерлі-зайыптылардың ажырасуды жоспарлап жүргенін де айтты. Ерлі-зайыптылардың екі кішкентай баласы бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer