1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Астана біздікі" деп ұрандатқан жігіт қандай жаза арқалауы мүмкін?

Видео кадры Видео кадры

"Астана біздікі" деп ұрандатқан жігіт бес жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Заңгер Айдынғали Табылдиев мұндай болжамды полиция мәліметіне сүйеніп айтқан. Себебі видео авторы бұрын да сотталған. 

"Видео кейіпкерінен иір ойықты мылтық емес тегіс ұңғылы қару табылғандықтан бұл - 287-баптың 3-бөлігі. Бұл бап бойынша айыппұл мен бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ ол пробациялық бақылауда болғандықтан 2017 жылы бес жылға сотталған, жазаны ауыстыру қарастырылады. Сондықтан ол кез келген жағдайда аталған бап бойынша бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, оның жазасының өтелмеген бөлігі де қосылады. Осылайша  әжептәуір уақытқа бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді сарапшы. 

Нұр-Сұлтан қалалық сот мамандары 17 желтоқсанда жазаны ауыстыру жайлы материал қарастырылатынын айтты.

Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты

Еске салайық, бұған дейін Желіде астаналық жігіттің бірнеше қару түрін көрсеткен видеосы жарияланған. Оның қолында тапанша, шокер және автомат болған. Полиция оның кім екенін бірден анықтап, көп ұзамай оны ұстаған. 

Сондай-ақ видеоны түсіріп отырған адам да тұтқындалған. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.