09 мамыр 2017 11:44

Астана орталығында ақша тонаған әккі алаяқ видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың сауда орындарының бірінде орнатылған видеобақылау камерасы алаяқтың әрекетін түсіріп алды. Қылмыстың видеосын Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында Бағым Осмоналиева деген қолданушы жариялады.

"Астанада. Қала орталығында бір алаяқ сатушыны алдап-соқты, купюраға қарап отырыңыз!!! Сақ болыңыздар...", - деп жазды ол роликтің сипаттамасына.

Кейбір қолданушылар қылмысты байқамағандарға құйтырқы әрекетті түсіндіруге тырысты:

"Ол купюраны сатушыға көрсетті, бірақ берген жоқ, сатушы осы купюраны алмаса да, оның қайтарым ақшасын да берді"

"Сатушы ірі купюраны алмайды, бірақ оны алдым деп ойлап, қайтарымын беріп тұр - ал ірі купюра да, қайтарым ақша да, тауар да сатып алушыда - вуаля ..."

"Бұл сығандардың әдісі деп аталады ...Астанада мұндай бұрыннан бар..."

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети