11 қаңтар 2016 12:08

Астанада алаяқтар Интернетте жалған пәтерлер сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ncrim.ru © Ncrim.ru

Алаяқтар Астанада Интернет арқылы жалған пәтерлер сатқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алаяқтар Астанада Интернет арқылы жалған пәтерлер сатқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент тұрғындарға интернет-алаяқтық жөнінде ескерту жасады. Қазір тергеушілер ірі сомада қаражатынан айырылған бірнеше адамның шағымы бойынша тергеу амалдарын жүргізуді бастады.

Астана ІІД Тергеу бөлімінің басшысы Алмат Ақытаевтың айтуынша, алаяқтар қарапайым схема арқылы ойларын жүзеге асырып отырған. "Жәбірленушілер Интернет арқылы арзан бағадағы үйді көреді. Олар үйдің бар-жоғын, тіркелгенін тексерместен шетелде жүрген "сатушылармен" байланысқан", - деді тергеуші.

Ал кейбір сатып алушылар пәтерді тексеріп, шетелде жүрген "сатушыларға" ақшаны Money Gram немесе Western Union жүйесі арқылы жіберуді ұсынған.

"Ақша аударымдары жәбірленушілердің немесе олардың туыстарының атынан жүргізіліпті. Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушілерден банк құжатының көшірмесін электронды мекенжайға жіберуді сұрайды. Бірнеше уақыттан кейін ақша белгісіз адамның атынан шоттан алынған", - деп хабарланды. Осы кезде ғана жәбірленушілер Шотландия, Португалия, Франция сияқты елдерде Money Gram немесе Western Union арқылы аударылған ақшаларды алу үшін арнайы кодтың сұралмайтынын білген.

IP-мекенжай тексеру кезінде алаяқтардың осы елдерде болғаны анықталды. "Жәбірленушілер төмен бағадағы үйді сатып алмақшы болып үйсіз әрі қаражатсыз қалды", - деді ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети