16 наурыз 2023 10:22

Астанада ер адам имамды 13 жерінен пышақтап кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы мешітте өткен рәсімнен кейін ер адам имамға 13 пышақ жарақатын салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы мешітте өткен рәсімнен кейін ер адам имамға 13 пышақ жарақатын салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

716.kz порталының мәліметінше, 13 наурызда Жібек жолы ауылының тұрғындары осы имамға неке қидырған. Ал 14 наурызда әйелімен жанжалдасқан ер адам мешітке барып имамды 13 жерінен пышақтап кеткен. Имамның ауыр халде ауруханаға түскені хабарланды.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыарқа ауданының полиция бөлімі аталған факт бойынша соталды тергеу амалдарын бастап, барлық қажетті сараптамалар тағайындағанын мәлімдеді.

"Оқиғаға қатысы бар ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне қатысты сот алды тергеудің өзге де мәліметтері ҚР ҚК 201-бабы негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексі жария етуге жатпайды", - деп қорытындылады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети