06 ақпан 2019 13:07

Астанада ер адам ұялы байланыс абоненттерінен бірнеше миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sharij.net © sharij.net

Ұялы байланыс компаниясының бұрынғы қызметкері абоненттерден миллиондаған ақша жымқырған. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұялы байланыс компаниясының бұрынғы қызметкері абоненттерден миллиондаған ақша жымқырған. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, 2017 жылдан 2019 жылдың қаңтар айына дейін абоненттердің балансынан түрлі сомадағы ақшаның жоғалып жатқаны жайлы шағымдар түскен - 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін. 2019 жылдың 18 қаңтарында елордалық полиция департаментіне ұялы байланыс компаниясының өкілі келіп, осы қылмысты жасап жүрген адамды іздестіруді сұраған.

Осылайша, Астана қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстап, тінту барысында заттай дәлелдерді анықтаған.

"Күдікті әлеуметтік инженерия әдістерін қолданып, абоненттердің есепшотына қатысты мәліметтерді көріп отырған. Кейіннен ондағы ақшаларды жымқыра бастаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - 3 миллион теңге", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша ("Ұрлық") тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети