Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы алты жылға сотталды

05 Қазан 2016, 10:36
0
Еділ Сүлейменов © Tengrinews.kz
Еділ Сүлейменов © Tengrinews.kz

Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы алты жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы Еділ Сүлейменов бойынша қылмыстық іске қатысты сот үкімін шығарды. Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 2,3-бөлігі ("Пара алу"), 364-бабының 2-бөлігі ("Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу") бойынша айыпталды.

Еске салайық, 28 шілдеде Астананың жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. "28 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша Департаменті елорда әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменовті екі кәсіпкерден жалпы сомасы 2,1 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Ұсталғаннан кейін Сүлейменов Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Айта кетейік, ұсталуы алдында ол қалалық көлік мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдауларда баяндамашы ретінде сөз сөйлеген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай