10 маусым 2017 10:00

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде оқушы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңыңдағы сотта "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі 11-сынып оқушысының өліміне қатысты сот отырысы аяқталды, - деп хабарлайды  Patrul.kz.


Алматы маңыңдағы сотта "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі 11-сынып оқушысының өліміне қатысты сот отырысы аяқталды, - деп хабарлайды  Patrul.kz.

Сот алдына 35 жастағы ер адам келді. Ол әйелінің 17 жастағы жиенін зорлап, артынша өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Қайғылы оқиға биыл 31 наурызда болған еді. Барлық сот процесінің қорытындысы бойынша күдіктінің оған тағылған айыптарға кінәлі екені дәлелденді.

"Мусульманов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 10 жылға педагогикалық қызметте және кәмелетке толмағандармен жүргізілетін жұмыстарда қызмет атқару құқығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам осыған дейін "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде оқушы қызды өлтірді деген күдікті өз кінәсін мойындаған болатын. Оның айтуынша, ол өзі не істеп қойғанын бірден түсінбеген. Есін жиып, не істегенін білгенде қорқып кетіп, жазадан құтылу жолдарын іздеген. Ер адам балаларды үйге кіргізіп, ұйықтатып, ал өзі болса үйдегі ақшаны алып қашып кеткен.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Алматы облысында тұрғын үй кешендерінің бірінде 17 жастағы қыздың мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын. ІІД өкілдерінің айтуынша, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 2000 жылғы қыздың мәйіті табылған.

Ал 3 сәуірде 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. 1982 жылғы жергілікті тұрғын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети