21 қазан 2022 15:23

Атырауда атыс болды: бір адам қаза тауып, екеуі жараланған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда атыс болып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда атыс болып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 21 қазанға қараған түні полицияға бір адам қаза тауып, екі адам жараланғаны туралы хабарлама түскен.

"Атырау облыстық ауруханасына кеуде тұсынан оқ жарақатын алған 2001 жылы туған ер адамның мәйіті жеткізілді, сондай-ақ 2004 және 2005 жылы туған екі адам зардап шекті. Қазір олар облыстық ауруханада жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жігіт арасындағы жанжал Атырау-2 шағынауданында болған. Жанжалға қатысы бар барлық тұлға анықталды", - деді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети