Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Атырауда екі әйелді қағып өлтірген жүргізушіні марқұмдардың туыстары кешірді

21 Сәуір 2015, 17:24
0
Оқиға орны. ©"Ақ Жайық" басылымы
Оқиға орны. ©"Ақ Жайық" басылымы

Атырауда екі адамды қағып өлтірген жүргізушіні марқұмдардың туыстары кешірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевке сілтеме жасап. Еске салайық, Атырауда 1989 жылғы жүргізуші 1954 және 1953 жылғы екі әйелді қағып өлтірген. 

Ғалиевтің айтуынша, сотта тараптар ымыраға келді. "Сот оны "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен айыпты деп тапты. Автобус жүргізушісі бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - деді ол.

Еске сала кетейік, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, "Балықшы - Авангард" 12-бағытындағы Daewoo автобусы қатты жылдамдықпен келе жатып, Сәтбаев даңғылында, "Тамаша" ойын-сауық және сауда орталығы маңында жаяулар жүретін жолмен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Қатты соққыдан екі әйел бірнеше метрге дейін ұшып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай