Екі әйелдің өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©"Ақ Жайық" газеті ©"Ақ Жайық" газеті

Атырауда автобус жүргізушісінің екі әйелді қағып өлтіргені туралы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды "Ақ Жайық". Қылмыстық іс "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен қозғалды. Баспасөз қызметінің өкілдері жол апатының 08.15-те болғанын нақтылады. Қаза тапқан әйелдер - 1953 және 1954 жылы туылғандар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда автобус жүргізушісінің екі әйелді қағып өлтіргені туралы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды "Ақ Жайық". Қылмыстық іс "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен қозғалды. Баспасөз қызметінің өкілдері жол апатының 08.15-те болғанын нақтылады. Қаза тапқан әйелдер - 1953 және 1954 жылы туылғандар.

Еске сала кетейік, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, "Балықшы - Авангард" 12-бағытындағы Daewoo автобусы қатты жылдамдықпен келе жатып, Сәтбаев даңғылында, "Тамаша" ойын-сауық және сауда орталығы маңында жаяулар жүретін жолмен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Қатты соққыдан екі әйел бірнеше метрге дейін ұшып кеткен.

Айта кетейік, әкімшілік полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл өңірде Жаңа жыл күндері жол-көлік оқиғалары аз болған. 1-4 қаңтар аралығында Атырау қаласы мен облыста бір де бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген. Бірақ Жаңа жыл қарсаңында Атырауда көпшіліктің шамына тиген жол апаты болды. Полиция қызметкері қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіріп алған. БАҚ-тардың мәліметінше, облыстық ішкі істер департаметінің қызметкерлері мұндай оқиғаның болмағанын мәлімдеді. Бірақ қала тұрғындарының телефон соғып, ашуланғанынан кейін жол апаты туралы мәлімет расталды. Бұдан кейін құқық қорғау органдары қызметкерінің жолдың көктайғақ бөлігінде тоқтай алмай, бір әйел мен бір қызды қағып кеткені анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал зардап шеккендер сараптама өтуден және шағымданудан бас тартты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer