15 қазан 2021 13:13

Атырауда көліктен 2 миллион теңге ұрлап кеткендер ұсталған сәттің видеосы тарады

Видео кадры Видео кадры

Атырауда көлік терезесін сындырып, екі миллион теңгені ұрлап кеткен үш адамның ұсталған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Атырауда көлік терезесін сындырып, екі миллион теңгені ұрлап кеткен үш адамның ұсталған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда сағат 13.31 Атыраудағы Полиция басқармасының "102" операторына қаланың 35 жастағы тұрғыны хабарласып, сағат 12.50 мен 13.25 аралығында белгісіз біреу Kia Sportage маркалы көлігінің терезесін сындырып, ішінен екі миллион теңгені ұрлап кеткенін айтқан. 

Жедел іздестіру шарасы кезінде қалада орнатылған камералардан тәртіп сақшылары жәбірленушінің көлігінің артында ВАЗ-2114 маркалы көлігі еріп келе жатқанын байқаған. 

Күдікті автокөлік Индер ауданындағы Жарсуат ауылынан 132 шақырым жерде тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде пакетке салынған екі миллион теңге табылған. 

Полицейлер ұрлық жасаған үш адам 40, 44 және 47 жастағы  Орал, Ақтөбе және Шымкент қалаларының тұрғындары екенін анықтаған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети