Әуезов атындағы драмтеатр директоры Ерлан Біләл 1 205 000 теңге кепілмен босатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ерлан Біләл. © Театрдың баспасөз қызметі Ерлан Біләл. © Театрдың баспасөз қызметі

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директоры Ерлан Біләл 1 205 000 теңге кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директоры Ерлан Біләл 1 205 000 теңге кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының тергеу судьясы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілге алу туралы шешім шығарды. 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепіл төленді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар.

"Сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше, Ерлан Біләл "Сезам" қоғам қайырымдылық-шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында бірлескен театр қойылымдары жайлы құжатқа қол қойдыру үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл 5 қаңтарда  1,5 миллион теңге парамен ұсталған болатын. "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Алматыда Жаңа жыл кезінде балаларға қойылым қою мақсатында театрдан орын беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлаған еді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Ал 9 қаңтарда Әуезов театры директоры міндетін атқарушы тағайындалған болатын. 

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Біләлов Ерлан Әбділдаұлы 2018 жылдың 4 қаңтарында істің мән-жайы анықталғанша қызметінен шеттетілді. Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады", - делінген еді министрлік хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer