21 желтоқсан 2020 09:24

Ауыл тұрғыны мас күйде көлігімен бұқа тасыған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көлік жүргізу куәлігі жоқ ауыл тұрғыны мас күйде бұқаны тасыған, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында көлік жүргізу куәлігі жоқ ауыл тұрғыны мас күйде бұқаны тасыған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсандағы сағат 08.30-да Алматы-Өскемен тасжолының 230-шақырымында Көксу ауданындағы Балпық би ауылында полицейлер Volkswagen Golf көлігін тоқтатқан. 31 жастағы тұрғын мас екені анықталған.  

Тәртіп сақшылары көліктің артқы жағында жолаушы орнында төрт айлық бұқа болғанын көрген. 

"Жүргізуші 2019 жылы үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мас жүргізуші көрші ауылда тұратын ағасына бұқаны апарып бермек болған, алайда оны полицейлер ұстап алған", - дейді Көксу аудандық полиция бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев.  

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдіктіге келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети