27 қазан 2017 21:49

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді, - деп хабарлайды Отырар телеарнасы. Төлешовтің ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгін Еңбекшіқазақ сотында тараптардың сөзжарысы өтті.


Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді, - деп хабарлайды Отырар телеарнасы. Төлешовтің ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгін Еңбекшіқазақ сотында тараптардың сөзжарысы өтті.

Бастапқыда мемлекеттік айыптаушы салық төлемеу салдарынан келген шығынды бір жарым миллиард теңге ретінде көрсеткен. Төлешов пен оның адвокаты бұл талап-арызбен келіспейтінін айтты. Кейін прокурор айыптау қорытындысын шығарды.

Төлешовке оннан аса қылмыс эпизоды бойынша айып тағылды: салықты жасыру, лауазымды тұлғаларды заңбұзушылыққа тарту және өзге де экономикалық әрі парақорлық қылмыстар. Айыптаушының сөзі бір жарым сағатқа созылды. Қорытындысында прокурор жаза шарасы туралы айтты: баптарды біріктіргенде мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Алайда Астананың Жоғарғы сотының бұған дейін шығарған 21 жылға бостандықтан айыру түріндегі үкімін есепке алғанда, жеңіл жазаның орнын ауыр жазамен ауыстырып, 21 жылға бостандықтан айыру жазасын қалдыру сұралды. 

Прокурордың бұл сөзіне Төлешов мырс етіп, күлкісін жасыра алмаған. 

Төлешовтің ісі бойынша тағы бір фигурант - салықшы Қарақожаев Нұржанға қатысты прокурор айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыруды, алайда жеңілдететін жағдайларды есепке ала отырып және рақымшылықты қолдану арқылы екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети