05 маусым 2021 11:38

Бахрейндегі секс-құлдық: күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет Иллюстрациялық сурет

Бахрейнде адам саудасымен айналысты деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бахрейнде адам саудасымен айналысты деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады.

"Ол Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сол үшін халықаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық қыз сексуалдық құлдықта болғаны хабарланған еді

Бахрейндегі секс-құлдық: адам саудасымен айналысқан қазақстандықтар сотталды

ІІМ мәліметінше, 39 қазақстандық Бахрейнде жыныстық құлдыққа түскен. Бұған дейін полиция өкілдері аталған құқық бұзушылықтар бойынша 133 қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланған болатын. 48 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 15 адам қамауда отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети