29 қыркүйек 2021 11:57

Бас прокуратура Forbes тізіміндегі кәсіпкерге іздеу жарияланды деген ақпаратқа түсінік берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анатолий Балушкин. Фото:facebook.com/bipek.kz Анатолий Балушкин. Фото:facebook.com/bipek.kz

Қазақстанның Бас прокуратурасы кәсіпкер Анатолий Балушкиннің Ресейде іздеуінің тоқтатылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Бас прокуратурасы кәсіпкер Анатолий Балушкиннің Ресейде іздеуінің тоқтатылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокуратурада кәсіпкерді Ресей Федерациясы аумағында іздестірудің тоқтатылғаны туралы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта күдікті азаматтың азаматтығы өзгеруіне байланысты мән-жайларды тергеу органы тексеріп жатыр", - деп хабарлады департаменттен.

Тергеуді ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық топ жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаржыны жымқырды деген күдікпен "Азия Авто" АҚ компаниялар тобының басшыларына қатысты жүргізілді.

"2021 жыл 28 шілдеде А.М. Балушкиннің ("Азия Авто" АҚ компаниялар тобының бас акционері және директорлар кеңесінің төрағасы) іс-әрекеті қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сараланды, оған қатысты сот сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. 2021 жылдың 12 тамызында халықаралық іздеу жарияланды", - деп толықтырды Бас прокуратура.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Азия Авто" автокөлік құрастырушы компаниясына қатысты талап арызын қанағаттандырды. Сот "Азия Авто"-ға мемлекетке шамамен 174 миллиард теңге қайтаруды міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети